Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Кошелев Леонид Николаевич

Кошелев Леонид Николаевич 1923 жылы 23 қыркүйекте Богородка селосында дүниеге келген. 1939 жылы мектептi бiтiредi.

1942 жылдың қыркүйегiнен 1945 жылдың 9 мамырына дейiн 143-гвардиялық полкта барлаушы болады. Воронеж және 1-шi Украина майдандарындағы ұрыс қимылдарына қатысады. Молдованы, Польшаны, Чехословакияны, Германияны азат етедi. Сержант Кошелев Леонид Николаевич соғыста көрсеткен ерлiктерi үшiн «III дәрежелi Даңқ» және «II дәрежелi Отан соғысы» ордендерiмен, «Германияны жеңгенi үшiн», «Прага қаласын азат еткенi үшiн» медальдарымен марапатталған.

1947 жылдың ақпан айында туған елiне оралады. Отанның игiлiгi үшiн бойындағы бiлiмi мен бiлiктiлiгiн бар ынтасымен бере отырып, қызмет iстеген жерiнiң қайсысында болса да, бел жазбастан ыстық пен суықта да тынымсыз еңбек етедi. Алғашында колхозда, совхозда кейiн 1967 жылдан бастап құрылыста жұмыс iстейдi. Ауылда Леонид Николаевичтiң қолымен көптеген мекемелер бой көтерiп, соның iшiнде балалар оқитын мектеп те салынады. 1983 жылы еңбек демалысы зейнеткерлiкке шығады.

Көп жылдық еңбегi бағаланып «Тың жерлердi игеру үшiн» медалiмен марапатталған.

2013 жылы қыркүйек айында үлгiлi отбасы, ардақты әке бола бiлген Леонид Николаевич 90 жас мерейтойын балалары мен немере, шөберелерiнiң ортасында тойлайды.

26.08.2020

Қараулар: 865

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау