Агеев Иван Александрович Көкшетау облысы Володаров ауданында 1918 жылы 17 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келген. 1934-1940 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет еттi. 1941 жылдың қыркүйегiнде ол соғысқа жұмылдырылды. Батыс майданында соғыса жүрiп, майдан даласында хабар жеткiзушi болған. 1942 жылы қыркүйекте жойқын соғыста бас жарақаты мен оң қолынан ауыр жараланып, 1942 жылы қарашада резервке шығарылады. Соғыстан кейiнгi бейбiт өмiрде, тұрғылықты жерiнде моторшы, тракторшы болып жұмыс iстедi. Отан соғысы орденiмен, Кеңес Одағының Маршалы Жуков медалiмен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Үйленген, әйелiмен 60 жыл өмiр сүрген. Екi баласы, 4 немересi және 9 шөбересi бар.
09.07.2020
Қараулар: 616