Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Ұлтымызды ойрандаған ұлы нәубет

31 мамыр – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.

Бұл күн мың өліп, мың тірілген қазақ халқын жыл сайын толқытып, егілтетін, ойлантып-толғантатын азалы күн. Қаншама мәдениет қайраткерлері мен ұлт зиялылары солақай саясаттың құрбаны болды.

Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлері ағартушы ғалым Науан хазреттің, батыр, академик Мәлік Ғабдуллиннің анасы Әлия Оспанқызының, халқымыздың бір туар ұлы, ақын Сәкен Сейфуллиннің перзенті Аянның рухына құран бағыштап, зиярат етті.

Шара осы зиратта жерленген әруақтарға тағзым ету рәсімі ретінде гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

31.05.2024

Қараулар: 2007

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау