Мәлік Ғабдуллин музейі мен Сәкен сері Жүнісов атындағы №18 орта мектеп ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз байланыста жұмыс істейді. 3 желтоқсан күні Сәкен сері Жүнісов атындағы №18 орта мектепте «Тарих» пәні апталығы аясында «Батырлық біздің салтымыз» атты музейдің экспозициялық залдары бойынша дәріс сабақ өтті. Сабақ барысында Мәлік Ғабдуллиннің өмір мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, 1943 жылы батырдың елге келген сапарынан түсірілген деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, оқушылар ақын, Мәлік Ғабдуллиннің шәкірті Төлеген Қажыбаевтың «Қоңыр қаз» өлеңін оқыды. Дәріс-сабақ мектеп оқушыларының шағын концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
03.12.2024
Қараулар: 330