Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен турнир

16 наурыз Мәлік Ғабдуллин музейі мен Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Қайрат» қазақ күрес залында Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен ашық қалалық турнир өтті.

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында қазақ күресін дамыту, қазақ күресін кеңінен насихаттау және жаттықтырушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, балаларды ұлттық спорт түрлеріне баулу.

Көкшетау қаласының жас балуандары 11 салмақ бойынша бақ сынады. Жарысқа барлығы 200 бала қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 46 келі салмақ бойынша III орынды Молдахметов Батырхан, II орынды Дулан Мәди, ал жүлделі I орынды Алтайбаев Нуржан иеленді. Топ жарған білекті балуандар дипломдар мен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

20.03.2024

Қараулар: 600

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау