Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін 15 қараша Кеңес Одағының батыры, академик, қоғам қайраткері М.Ғабдуллиннің туғанына 108 жыл толып отыр.

Мәлік Ғабдуллин музейі батырдың туған күнін жыл сайын салтанатпен атап өтіп, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізуді дәстүрге айналдырған. Бүгін де сол дәстүрден жаңылмай Көкшетау жұртшылығы болып батыр рухына тағзым еттік.

Бұл орайда, қазақ халқының батыр ұлы Мәлік Ғабдуллинді еске алу, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, Мәлік батырдың ерен ерлігі, халқы үшін атқарған айтулы еңбектерін жас ұрпаққа ұдайы насихаттау сіз бен біздің ортақ міндетіміз.

Іс-шарада сөз сөйлеген музей директоры Кенжебай Мукушев, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы, полковник – Ерлан Әлібеков даңқты жерлесіміздің ерлігі, өнегесі кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталу керек екендігін ерекше атап өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубековна мен ардагерлер, мәдениет мекелерінің басшылары, академия курсанттары, әскери мектептің оқушылары, М.Ғабдулолин атындағы «Жас Ұлан» әскери патриоттық клубының мүшелері қатысты.

Ақмола облысы әкімдігінің, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің, Ауған соғысы ардагерлері мен әскери мектептің, М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясы мен Красный яр №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының атынан кеңесінің атынан гүл шоқтары қойылып, батыр рухына тағзым етті.

15.11.2023

Қараулар: 512

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау