Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Қоңыров Елдес Әміреұлы

Қоңыров Елдес Әмiреұлы 1925 жылдың 21 қаңтарында Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылту ауылында дүниеге келген.

1943 жылы әскер қатарына алынып, 1949 жылға дейiн Мәскеу облысы Щелково қаласында әуе-десанттық әскер құрамында парашютшылар нұсқаушысы болып қызмет еткен. Карелия майданында, III Украина майданында, Австрия жерiнде жауға қарсы ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы сұрапыл шайқастардың бiрiнде ауыр жарақат алған. Отан соғысының III топтағы мүгедегi.

I дәрежелi Отан соғысы орденiмен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Әскери мiндеттен босап, елге оралған соң 1949-1952 жылдар аралығында Көкшетау облысы Рузаев аудандық комсомол комитетiнде қызмет еткен. 1952-1955 жылдары Семей қаласындағы қаржы техникумын оқып тәмамдаған. Қаржы мекемелерiндегi жалпы еңбек өтiлi — 49 жыл, оның iшiнде 25 жыл Қазақ КСО қаржы министрлiгiнiң Көкшетау облысы Рузаев ауданы бойынша аға, кейiннен бас бақылаушы қызметiн атқарған.

Бейбiт өмiрдегi қажырлы еңбегi үшiн сегiз мәрте Құрмет грамотасымен марапатталған.

13.04.2020

Қараулар: 696

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау