Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Дорохов Федор Сергеевич

Дорохов Федор Сергеевич 1926 жылдың 15 қарашасында Белгород облысы Волоконов ауданы Распашное селосында дүниеге келген. Әскер қатарына 1944 жылы Сталин АӘК-мен шақырылған. Алдымен Алматы қаласында 118-шi атқыштар полкында болып, кейiннен Калинин майданындағы 11-шi шекаралық полкқа ауыстырылады.

Осы бөлiмше құрамында батысқа, Прибалтикаға қарай жүредi. Олардың полкы гитлершiлердiң шегiнiсiнен кейiн қалған диверсанттар, шпиондар, парашютистердiң көзiн құртып, тылды күзету бойынша қызмет атқарған. Польшаны азат етiп, полкпен бiрге Германия шекарасынан өтiп, Бреслау қаласына жеткен. Ұлы Жеңiстi Бэутхен қаласында қарсы алған.

Жеңiстен кейiн бөлiмше халықтық-демократиялық өкiметтi демеу мақсатында Болгарияның София қаласына аттанады. Болгариядан Украинаның Львов қаласына қайта келiп, «бендеровшылармен» күрес бойынша қызметтерiн жалғастырады. Батыс Украина жерiнде ұжымдастырумен, жергiлiктi жерлерде кеңес өкiметiн қалпына келтiру және қорғаумен, баукеспелiк құрылымдарды жоюмен айналысады.

Федор Сергеевич әскер қатарында ұзақ жетi жыл болып, 1951 жылы қараша айында ғана елге оралады.

Еңбек жолын 1951 жылы Сталин аудандық қаржы бөлiмiнде салық агентi қызметiнен бастаған ол кейiннен салық инспекторы, мемлекеттiк кiрiс инспекциясының бастығы, мемлекеттiк кiрiс инспекциясының экономистi қызметтерiн абыроймен атқарады.

II дәрежелi Отан соғысы орденiмен және көптеген медальдармен марапатталған.

04.05.2020

Қараулар: 896

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау