Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Жас ғабдуллиншілдер» клубы жаңа мүшелермен толықты

22 қараша күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының салтанат залында Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті.

Республикамыздың түкпір-түкпірінде Мәлік Ғабдуллин атындағы тоғыз мектеп бар. Осы мектептер арасында байланыс орнату, батырдың тұлғасын, өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында 2016 жылы құрылған «Жас ғабдуллиншілдер» клубының жұмысы күні бүгінге дейін сәтті жүзеге асырылып келеді.

Бүгінгі күні клуб құрамына М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназияның оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын 10 оқушысы қабылданды.

Жас ғабдуллиншілдер қатарына жаңадан қосылған оқу озаттары салтанатты түрде ант қабылдады. Клуб мүшелеріне арнайы куәліктер мен төсбелгілерді музей директоры Кенжебай Мукушев пен мектеп-гимназиясының директоры Ардақ Ахметжанова тапсырды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Кенжебай Мукушев пен Ардақ Ахметжанова Мәлік батыр есімі берілген мектептердегі клуб жұмысы туралы баяндап, игі бастаманың сол шаңырақта өтіп жатқандығына қуанатынын жеткізіп, республикалық клубқа мүше болған жас мәліктанушыларға сәт сапар тіледі.

Іс-шара мектеп оқушыларының шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

22.11.2023

Қараулар: 588

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау