Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Жемiстi жылдар» альбом кiтабының тұсаукесерi

26 ақпан күнi Мәлiк Ғабдуллин музейiнде көкшелiк зиялы қауым өкiлдерiнiң қатысуымен, бүгiнде рухани орталыққа айналған музейдiң ширек ғасыр толуына орай шығарылған «Жемiстi жылдар» альбом кiтабының таныстырылымы өттi. Альбом кiтапқа Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң осы жылдар аралығында атқарған тағылымды жобалары мен тәлiмдi бастамалары, көкшелiк зиялы қауым өкiлдерiнiң, белгiлi ғалымдардың ғылыми мақалалары және республика бойынша әрiптестерiмiздiң жылы лебiздерi топтастырылды. Кiтаптың таныстырылымы музей директоры Құдайберлi Мырзабектiң беташар сөзiмен басталды.

Iс-шарада «Қоғамдық келiсiм» сарайының басшысы Ермек Нұғыманов «Жемiстi жылдар» альбом кiтабына жан-жақты шолу жасады. Музей жанашырлары,қоғам қайраткерi, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев , Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғосман Төлеғұл, Мәлiк Ғабдуллин атындағы Көкшетау техникалық институтының оқытушысы Қалижан Нарбаев жылы лебiздерiн бiлдiрiп, музей қызметкерлерiне шығармашылық табыстар тiледi.

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова құттықтау сөз сөйледi. Iс- шараға келген қонақтарға альбом-кiтапты табыстап, 25 жыл аралығында даңқты жерлесiмiздiң өнегелi өмiрi мен шығармашылығын насихаттап жүрген музей қызметкерлерiне өз алғысын бiлдiрiп алғыс хаттар табыстады.

26.02.2021

Қараулар: 1406

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау