Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСҚА» атты кітаптың тұсаукесері

14 қараша Кеңес Одағының батыры, академик, педагог, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің «Ата — аналарға тәрбие туралы кеңес» атты кітабы негізінде шыққан «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСҚА» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы М. Ғабдуллиннің оқырман қауым жылы қабылдаған «Ата — аналарға тәрбие туралы кеңес» атты кітабы мектеп педагогикасына арналған. Бірнеше жылдар Қазақтың Абай атындағы Педагогикалық институтында ұстаздық еткен Мәлік Ғабдуллин аталған педагогикалық еңбегінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қазақ халық ауыз әдебиетіндегі батырлық жырларын пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетеді.

Кітап негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде М.Ғабдуллиннің «Ата — аналарға тәрбие туралы кеңес» кітабы, екінші бөлімде Қазақстанның белгілі ғалымдарының бала тәрбиесі туралы жазған мақалалары және үшінші бөлімде қазақ халқының бала тәрбиесіне арналған мақал — мәтелдері мен тиым сөздері енеді.

Бұл еңбек Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Көкшетау қаласындағы «Көкше-полиграфия» баспасынан 500 данада жарық көріп отыр. Жарық көрген кітаптың негізін этнопедагогикалық бағыттағы мақалалар құрады.

 

14.11.2023

Қараулар: 464

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау