Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» танымдық сағаты

Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне орай 13 қыркүйек күні Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжінде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты танымдық сағат өтті. Ана тіліміздің тұғыры биік, қымбат қазына екені баса айтылған бұл танымдық сағатқа колледж студенттері мен ұстаздары, жас ақындар қатысты. Іс-шара барысында болашақ мамандардың бірі рухты өлең оқыса, бірі күмбірлетіп күй шертті, тіл туралы мақал-мәтелдерді жарыса айтты. Қазақ тілінің асқақтауына, қазақ әдебиетінің дамуына аз да болса үлес қосып жүрген жас ақындар мөлдіреген жырларынан шашу шашты.

Аталмыш іс-шараның мақсаты: Ана тілге деген – махаббат, Ана тілге деген – құрмет.

Іс-шара соңында колледж оқытушылары музей ұжымына алғыстарынбілдірді.

13.09.2022

Қараулар: 630

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау