Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Батыр тұлға – Бауыржан» танымдық-тағылымдық көрме

15 қарашада Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің қорынан жабдықталған «Батыр тұлға – Бауыржан» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Кеңес Одағының батыры, жазушы, даңқты жауынгер Б.Момышұлының ерен еңбегін көкшетаулықтар мен қала қонақтарына таныстыру, насихаттау және қос тұлғалық музей арасындағы әріптестік байланысты одан әрі арттыру.

Көрменің ашылу салтанатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Жанна Киікбайқызы сөз сөйлеп, құшақ жая қарсы алған музей ұжымына алғысын білдірді. Көрмені Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Ұлжан Мақсатқызы Омарова таныстырды.

Іс-шара соңында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы Бауыржан мен Мәліктің арасындағы достық қарым-қатынас жайлы айтты және Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Сабитова Айгүл Баубекқызы көкшетаулықтарды көрменің ашылуымен құттықтап, Бауыржан Момышұлының немере інісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекет Момынқұлға шапан кигізді.

Көрмеде Бауыржан Момышұлының тұрмыста тұтынған заттары, әскери киімдері, қолжазбалары мен хаттары және ойған оюлары қойылды.

15.11.2021

Қараулар: 1292

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау