Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі

23 сәуір күні Зеренді ауылындағы М. Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының салтанат залында Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті.

Республиканың түкпір — түкпірінде Мәлік Ғабдуллин атындағы он мектеп бар. Осы мектептер арасында байланыс орнату, батырдың тұлғасын, ғибратты өмір жолын насихаттау мақсатында 2016 жылы құрылған «Жас ғабдуллиншілдер» клубының жұмысы күні бүгінге дейін сәтті жүзеге асырылып келеді.

Бүгінгі күні клуб құрамына Зеренді ауылы М. Ғабдуллин атындағы мектеп — гимназияның оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын оқушылары қабылданып, салтанатты түрде ант берді. Клуб мүшелеріне арнайы куәліктер мен төсбелгілерді музей директоры Кенжебай Мукушев пен мектеп-гимназиясының директоры Эльмира Халелова тапсырды.

Шашақты найза секілді

Желкілдеп алтын айдары

Түсірген ойға не түрлі

Зеренді қарағайлары

Ақан да мұнда ән салған

Балқадишаның жайлары

Біржан да саған тамсанған

Зеренді қарағайлары – деп ақын жерлесіміз Қорған Аманжол жырлағандай талай ақынның өлеңіне арқау болған Зерлі Зерендіде Мәлік батырдың жолын қуатын жас ұландардың қатары тағы да толықты.     

23.04.2024

Қараулар: 161

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау