Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Мәліктің Қаныш ағасы, халықтың Қаныш данасы»

25 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен академик, геолог-ғалым Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен ғылым жолын насихаттау, Мәлік Ғабдуллин мен Қаныш Сәтпаевтың ағалық-інілік қарым-қатынасын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Алматыдағы Қаныш Сәтпаев мемориалдық музейінің қорынан сұрыпталып алынған «Мәліктің Қаныш ағасы, халықтың Қаныш данасы» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлері ағымдағы жылдың ақпан айында Қаныш Сәтпаевтың мемориалды музейіне арнайы барды. Сапар барысында қос музей өзара тәжірибе алмасу, өңіраралық әріптестікті, рухани-мәдени шығармашылықты нығайту мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойып, бірлесе жұмыстар атқару туралы келісімге келген болатын. Бұл көрме – сол байланыстың алғашқы нәтижесі болып табылады.

Ашылу салтанаты Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың беташар сөзімен басталып, Қаныш Сәтпаев мемориалды музейінің бөлім басшысы, мәдениет қайраткері Алтаев Базарбайдың жылы лебіз, жарқын естеліктерімен жалғасты.

Көрме соңында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, геолог Айтқажы Қазыбековтың жары Шәми Қазбекова, т.ғ.к., доцент Аманай Асылбайұлы, ф.ғ.д., Аманжол Есмағұловтар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және «Арна» колледжінің студенттеріне Қаныш Сәтпаев өмірінен сыр шертетін фото суреттер көрмесін музейдің бөлім басшысы Бахытжамал Айтмухамбетова таныстырды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

25.05.2023

Қараулар: 668

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау