Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Танымдық-тағылымдық іс-шара

5 тамыз күнi Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң қызметкерлерi Зерендi ауданы “Aurora Garden” демалыс базасында демалып жатқан Түркiстан облысы Арыс қаласынан келген балаларға танымдық-тағылымдық iс-шара өткiздi.

Сонымен қатар сол жерде демалып жатқан белгiлi скрипкашы, Қазақстан Республикасының халық әртiсi Гауһар Мырзабекова, пианист, музыкалық педагог, Қазақстан Республикасының халық әртiсi Жәния Аубакирова, белгiлi әншi, музыкант, Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Ерлан Көкеев сияқты бiрқатар өнер адамдары мен белгiлi кәсiпкерлер шарамыздың куәгерi және қадiрлi қонағы болды

Iс-шарада музей директоры Құдайберлi Мырзабек жастарға үлгi боларлық қазақ халқының батырлығы туралы және Ақмола облысынан шыққан жерлес батырлар туралы толыққанды мағлұмат бердi.

Сондай-ақ, музейдiң аға ғылыми қызметкерi Аягөз Махметова Мәлiк Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн «Ғажайып өмiр баспалдақтары» атты жылжымалы көрмемен таныстырып, викторина өткiздi және оларға арнайы буклеттер табыстады.

Көпшiлiк назарына 1943 жылы батырдың елге келген сапарынан түсiрiлген деректi фильм мен музей ұжымының шығарған бейнефильмдерi ұсынылды.

Iс-шара Зерендi аудандық мәдениет үйiнiң жанынан құрылған "Бекарыс" айтыс үйiрмесiнiң жетекшiсi, айтыскер ақын Екпiн Сабетхан, Зерендi мәдениет үйiнiң әншiсi Тоқтар Екпiн, және дәстүрлi әншi Алма Адаханова сынды өнерпаздарының концерттiк бағдарламасымен жалғасын тапты.

Iс-шараны тамашалаған көпшiлiк қауым өздерiн толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды және осындай игiлiктi iс-шараны ұйымдастырған музей қызметкерлерiне өздерiнiң жүрекжарды алғыстарын бiлдiрдi.

05.08.2019

Қараулар: 1154

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау