Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Пономарев Сергей Владиславович

Пономарев Сергей Владиславович 1964 жылы 18 мамырда Украинаның Николаевка облысы Первомайск қаласы дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейiн кешкi мектепте оқып кейiн СПТУ-40 бiтiрген. Зерендiде АТП мекемесiнде жұмыс iстеп жүрiп, 1982 жылы 11 қазанда әскер қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасына жiберiледi. 1982 жылы 24 қазанда №65528 әскери бөлiмiнде ант қабылдап, 1984 жылдың 02 қазанына дейiнгi аралықта әскери қызметiн мүлтiксiз атқарған жас сарбаз Сергей Владиславович аман есен елге оралады.

Әскери қызметiн мiнсiз атқарғаны үшiн «Воину-интернационалисту от благородного Афганского народа», «Ветеран боевых действий», «70 лет ВС СССР», «За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған.

Әскерден келген соң 1991 жылға дейiн «Кокшетаусельстрой» ПМК-101 трестiнде, 1991-1994 жылдары «Союз ветеранов Афганистана» мекемесiнде, 1994-2002 жылдары «Казахойл-Секюрити» ЖШС-де күзетшi, ГКП «Суши», ТОО «Ерулан», аудандық әскери комиссариатта, 2002 жылдан бастап «СОК им М.Габдуллина» ЖШС-де жүргiзушi болып жұмыстар атқарған.

Ауданның қоғамдық жұмыстары мен жастарға патриоттық тәрбие беруде белсендiлiк танытып жүретiн азамат. Үш бала тәрбиелеп өсiрген әке.

08.02.2021

Қараулар: 1316

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау