Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Біләлов Жамбыл Ғиззатұлы

Бiләлов Жамбыл Ғиззатұлы 1968 жылдың 24 қаңтары күнi Көкшетау облысы Қызылту ауданы Озерный селосында дүниеге келген. Туған ауылында ер жетiп, әскерге дейiнгi кезеңде Озерный совхозында жұмысшы болып iстеген.

Щучинск қаласындағы ДОСААФ техникалық мектебiн 1986 жылдың ақпанында бiтiрiп шығады, сол жылдың сәуiр айында кеңес әскерi қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасына жiберiледi.

1986 жылдың 18 сәуiрiнен — 1988 жылдың 22 маусымы аралығында әскери қызметiн адал атқарып, елге аман-есен оралады.

Әскердегi мiнсiз қызметi үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының Грамотасымен, «70 лет ВС СССР», «Ветеран боевых действий», «За отвагу и мужество», «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа», «10 лет Саурской революции», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана», «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығы кеңесiнiң шешiмiмен «Ардагер» медальдарымен марапатталған.

Әскери қызметтен келгеннен соң Қарағанды Мемлекеттiк Университетiндегi кешкi дайындық курсына түсiп, әрi жұмыс та iстейдi.

Курстан соң 1995 жылы КарГУ-дiң заң факультетiн тәмәмдайды.

1996 жылдың қаңтар айынан бастап 2013 жылдың мамыр айына дейiн Зерендi аудандық Iшкi Iстер бөлiмiнде түрлi деңгейдегi қызметтер атқарып отставкаға полиция майоры шенiмен шығады.

Ауданның қоғамдық жұмыстарына және жастарға патриоттық тәрбие беруде белсендiлiк танытып жүретiн, отбасында үш бала тәрбиелеп өсiрген әке.

11.01.2021

Қараулар: 1276

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау