Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Бекбаев Елубай Есмағамбетұлы

Бекбаев Елубай Есмағамбетұлы 1967 жылдың 14 наурызы күнi Көкшетау облысы Щучинск ауданы Түлкiлi селосында дүниеге келген. Ер жеткен соң 1985 жылы жүргiзушiлер дайындайтын курсты бiтiрiп № 2585 автоколоннасында жұмыс iстейдi.

1985 жылы сәуiр айында кеңес әскерi қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасына жiберiледi. Әскери борышын 1985 жылдың тамыз айынан 1987 жылдың тамызы аралығында өтеп, аман-есен елге олралады.

Әскердегi мiнсiз қызметi үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының Грамотасымен, «70 лет ВС СССР», «Ветеран боевых действий», «За отвагу и мужество», «За боевые заслуги», «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа», «10 лет Саурской революции», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», III степени «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн» медальдарымен және III степени «Құтқарушы» төсбелгiсiмен марапатталған.

Әскерден келген соң құрылысшы-сылақшы курсын бiтiрiп шығып, Щучинск-Курортстрой мекемесiнде жұмыс iстеген. 1988 жылы тамыз айында Первомай совхозында, 1989 шiлдесiнде Зерендi ауданындағы «Достық» фирмасында жүргiзушi болады. 1998 жылдан берi аудандық өрттен қорғау бөлiмiнде аға жүргiзушiлiк қызметiн атқара жүрiп, ауданның қоғамдық жұмыстарына, жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарына да белсене араласып келедi. Отбасылы, екi бала тәрбиелеп отырған әке.

05.01.2021

Қараулар: 1193

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау