Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Мукушев Сандыбай Кәрімғожаұлы

Мукушев Сандыбай Кәрiмғожаұлы 1961 жылдың 7 қанында Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы Қойтас ауылында дүниеге келген. Туған жерiнде ер жеткен соң, әскерге дейiнгi кезеңде Бурабай ауданы Успено-Юрьевский совхозында механизатор болып жұмыс iстейдi.

1979 жылы 1 қарашада әскер қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасына жiберiледi. 74261 әскери бөлiмiнде ант қабылдап, 1980 жылдың қаңтарынан 1981 жылдың мамыр айына дейiнгi уақытта әскери қызметiн мүлтiксiз атқарған жас сарбаз Сандыбай Кәрiмғожаұлы аман есен елге оралады.

Әскери қызметiн мiнсiз атқарғаны үшiн «Воину-интернационалисту от благородного Афганского народа», «За боевые заслуги», «Ветеран боевых действий», «70 лет ВС СССР», «10 лет Саурской революции», «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығы кеңесiнiң шешiмiмен «Ардагер», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана» медальдарымен марапатталған.

Елге оралғаннан соң СПТУ-нi, содан соң автомектептi бiтiрiп 1984 жылдан бастап Щучинск қаласындағы АТП-2585 мекемесiнде қызмет атқарып, 1985-1987 жылдары «Золотая Нива» совхозында, 1987-1994 жылдары «Успено-Юрьевский» совхозында механизатор болып жұмыс iстейдi. 1994 жылы Зерендi селосына көшiп келiп, кәзiргi таңға дейiнгi уақытта аталған аудан тұрғыны. Отбасылы, екi бала өсiрiп, тәрбиеленген әке.

01.02.2021

Қараулар: 1345

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау