Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Абуталипов Беспай Баяханович

Абуталипов Беспай Баяханович Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Куропаткина селосында дүниеге келген. 1986 жылы Раздольный орта мектебiн бiтiрдi. 1987 жылдың мамыр айы мен 1989 жылдың мамыры аралығында Семей облысы Аягөз қаласында 10810 әскери бөлiмiнде әскери қызмет атқарды. 1988 жылдың қазан айынан 1989 жылдың ақпаны аралығында Ауғанстан Республикасында әскери қызметте болып келдi. Туған елiне оралғаннан кейiн 2003 жылы Көкшетау Университетiн бiтiредi. 1989 жылдың ақпанында ауған соғысынан босап елге келгеннен кейiн, сол жылдың тамыз айынан бастап, 2013 жылға дейiн Ақмола облыстық IIМ жұмыс iстеген. Көкшетау қаласы iшкi iстер органдарының аға инспекторы қызметiнен полиция майоры дәрежесiнде зейнеке шыққан.

Еңбегiнiң жемiсi ретiнде, 2012 жылдың 20 сәуiр №170 ҚР Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен «ҚР-ның Қарулы Күштерiне 20 жыл», «За отвагу и мужества», «70 лет Вооруженных Сил СССР», «Воину-интернационалисту от благодарного афганского народа», «20 лет вывода советских войск из Афганистан», «В память 25-летия окончания боевых действий в Афганистане», «30 лет вывода советских войск из Афганистан», «15лет вывода Советских войск из ДРА», «Ветеран боевых действий» медальдарымен марапатталған.

07.09.2020

Қараулар: 828

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау