3 қазан күні Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясы мен Мәлік ғабдуллин музейінің бірлесе ұйымдастыруымен Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубының негізін қалаған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Журналистер одағының мүшесі Құдайбрлі Мырзабектің 60 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімдегі Қазақстан» атты онлайн семинар өтті.
Онлайн семнарға Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Зеренді ауылының М.Ғабдуллин атындағы мектеп- гимназиясы», Ақтөбе қаласы М.Ғабдуллин атындағы №70 ЖББОМ, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектептер қатысты.
Семинарда Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері, Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубының жетекшісі Аягөз Махметова «Мәлікшіл ұландар, халықшыл қырандар» тақырыбында баяндама жасады.
Клуб жетекшілері «Жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында онлайн газет қорғаса, клуб мүшелері «Қазақ келеді», «Ту түбіндегі толғаныс» өлеңдерін оқыды.
Сөз соңында Құдайберлі Рахымбекұлы игі бастаманы қолға алған ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жастарға батасын берді.
03.10.2024
Қараулар: 510