Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен биыл төртінші жыл қатарынан мәдениет және өнер саласы ұйымдарының арасында «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалі өтті.
Бұл фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ұйымдастырылып келеді.
Мақсаты: мәдени ұйымдардың жетістіктерін, талантты жастарымыздың шығармашылықтарын анықтау және оларға қолдау көрсету. Фестивальдің әр түрлі бағыттағы номинацияларына Республиканың түкпір-түкпіріндегі мәдени ошақтар қатысты. Олардың қатарында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Мәлік Ғабдулин музейі де бар. Мәлік Ғабдуллин музейі бұл байқауда «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей», «Үздік мемлекеттік музей сайты», «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациялары бойынша бәйгеге түсті. Бұл номинацияларды таныстыруда музейдің соңғы үш жыл аралығында атқарған жұмысы мен жүзеге асырған ірі жобаларын іріктеліп алынды.
«Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің марапаттау рәсімі 21 мамыр күні Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланған киелі Көкшетаудың төрінде, Бурабайдың жағасында өтті.
Нәтижесінде Мәлік Ғабдуллин музейі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Үздік музей» номинациясын және «Үздік мемлекеттік музей сайты» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Қос бірдей номинацияның жеңімпазы атанған Мәлік Ғабдуллин музейі жылдар бойы атқарған еңбегінің жемісін көрді.
21.05.2021
Қараулар: 1855