Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Жәдігерлер шеруі

15 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Жәдігерлер шеруі» атты музей түні өтті.

Бұл кеш көрерменге тарихпен тілдескен ерекше театрландырылған қойылым түрінде ұсынылды. Іс-шара барысында Мәлік Ғабдуллин бейнесі әртүрлі жас кезеңдерінде сомдалып, оның өмір жолы мен ерлік рухы көркем сахналық көріністер және арнайы дыбыстық сүйемелдеу арқылы әсерлі түрде жеткізілді. Келушілер тарихи атмосфераны терең сезініп, музей кеңістігінде ерекше рухани әсер алды.

Кеш барысында балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, олар музей ауласындағы тілек ағашына өздерінің ізгі тілектері мен жүрекжарды жазбаларын қалдырды. Бұл көрініс кештің ең жылы әрі әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Мерекелік кештің салтанатты ашылуында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова құттықтау сөз сөйлеп Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен музейдің бас қор сақтаушысы Жолаушина Мейрамгүл Шаяхметқызын, Ақмола облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен: аға ғылыми қызметкер Махметова Аягөз Мұратқызы; ғылыми қызметкер Ержанова Эльмира Ермекқызы; экскурсия жетекшісі Баймағанбет Біржан Бауыржанұлы марапаттады.

Сонымен қатар Ақмола облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатымен Орал Қалиұлы (жүргізуші) мен Анель Болатовна (есепші) марапатталды.

Әнші Ақтоты Абдрахман терме орындап, кештің рухын көтеріп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

«Жәдігерлер шеруі» музей түні — тарихты жаңғыртып, ұрпаққа рухани мұра мен тағылым сыйлаған, көрермен жүрегінде ерекше әсер қалдырған мазмұнды мәдени кеш болды.

 

15.05.2026

Қараулар: 62

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау