Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ойыншықтар әлемі» музей түні

15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Ойыншықтар әлемі» атты музей түні акциясы өтті. Мәлік Ғабдуллин музейінің қорында барлығы 100-ден астам ойыншықтар сақталған.

Іс-шараның мақсаты кішкентай көрермендерді музей қорындағы ойыншықтар әлеміне бойлату және олардың шығу тарихымен таныстыру, халықаралық музейлер күнінің мерекеленуіне үлес қосу болып табылады.

Іс-шара аясында кішкентай бүлдіршіндермен «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындарын Балуан Шолақ атындағы Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері ойнады. Жетекшісі Мұратбек Алмасбек.

Музей түніне келушілерді ертегі әлемінен шыққан кейіпкерлер қарсы алды. Сонымен қатар көпшілік назарына музей қорынан жинақталған «Ойыншықтар әлемі» көрмесі, сәндік қолданбалы қолөнер шебері Альбина Байковскаяның жеке шығармашылық көрмесі ұсынылды.

Музей түні Біржан сал атындағы музыкалық колледжі студенттерінің және Сәкен сері жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

15.05.2024

Қараулар: 346

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау