Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ертегілер әлеміне саяхат» атты музей түні

17 мамырда Халықаралық музейлер күнiне арналған «Ертегiлер әлемiне саяхат» атты музей түнi болып өттi.

Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлiк Ғабдуллин халық ауыз әдебиетiн зерттеп, зерделеген ғалым. Биылғы музей түнiне халық ауыз әдебиетiнiң бiр жанры болып табылатын қазақ ертегiлерi арқау болды.

Өскелең ұрпақты халық ауыз әдебиетiне баулу, ертегiлердi насихаттау, мән-мағынасын ұғындыру мақсатында музей түнi театрландырылған қойылым түрiнде өттi.

Музейдiң жан-жағы «Ұшқыш кiлемдегi қаңбақ шал», «Ұр тоқпақ», «Пiс қазаным пiс» сияқты ертегi кейiпкерлерi мен көрiнiстерiмен безендiрiлiп, көпшiлiктi елең еткiздi. Одан әрi оқиға музей iшiнде әжесiнiң немересiне айтып отырған Ер төстiк ертегiсiмен жалғасып, ертегiдегi Жалмауыз кемпiр, Темiр хан, Таусоғар, Саққұлақ, Жезтырнақ, жалғыз көздi Дию және тағы басқа да әртүрлi кейiпкерлермен әрлене түстi.

Ер төстiк ертегiсiнiң желiсiнде әрбiр залда түрлi оқиғалар болып, көрермендердi таңғалдырып отырды. Ертегi кейiпкерлерiн музей қызметкерлерi мен Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң студенттерi сомдап шықты.

Көрiнiс соңында көкшелiк жас әншi Аслан Мухамедьяров әннен шашу шашты. Сахналық көрiнiстен соң облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Б.Бөрiбаева музей қызметкерлерiн мерекемен құттықтап, алғысын бiлдiрдi.

Мерекелiк iс-шарада шашу шашылып, қасиеттi рамазан айының бiрiншi күнiне орай, Бiржан сал атындағы колледж ұстазы Т.Аманов "Жарапазан" әнiн орындады.

 

 

 

17.05.2018

Қараулар: 1749

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау