Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«БАТЫР — ТАҒДЫР, ҒЫЛЫМИ — ҒҰМЫР» ғылыми семинар

15 қараша күні Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының акт залында «Батыр — тағдыр, ғылыми — ғұмыр» атты семинар өтті.

Іс-шараның модераторы – ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты, полковник Е.Ә. Әлібеков болды.

Семинар барысында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы А. Алин, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ. Төлеғұл, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қ. Мырзабек құттықтау сөз сөйледі. ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы ӘГПТжПД кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты С.К Қасымова «Майдан хаттары ұлы отан соғысының антропологиялық мазмұнын зерделеудің қайнар көздері ретінде», ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы ӘГПТжПД кафедрасының оқытушысы Ж.М. Бексұлтанова «Ұлы тұлға мұрасы – ұрпаққа өнеге» және Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкерлері Э.Е. Ержанова «Соғыс психологиясы», А.Ж.Есжанова «Отанды сүю – батырлыққа бастар жол» тақырыбында баяндамалар оқыды.

 

15.11.2023

Қараулар: 662

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау