Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Батырлар даңқы ұрпаққа өнеге» атты ғылыми экспедиция

«Ұлы даланың ұлы тұлғалары» тақырыбы бойынша жүзеге асырылған Мәлiк Ғабдуллиннiң 105 жылдығына, Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң 25 жылдығына арналған «Батырлар даңқы ұрпаққа өнеге» атты ғылыми экспедициялық сапар 13 қазан күнi Жақсы ауданынан бастау алды.

Экспедиция мақсаты: Жақсы ауданында «Батырлар туған бақ мекен» жобасы аясындағы зерттеу жұмыстарына арқау болған Баубек батыр тұлғасын насихаттау және 2024 жылы өтетiн Баубек Бекмырзаұлының 200 жылдығына арналған дайындық жоспарымен таныстыру, майданға аттанған қазақ жауынгерлерiне ұран болған Амангелдi батырдың елi Торғай өңiрiндегi тарихи тұлғаларға қатысты нысандарды аралау, сонымен қатар Жақсы және Торғай өңiрлерiнде Мәлiк Ғабдуллин тұлғасын дәрiптеп, өнегелi өмiрiн насихаттау, биылғы жылы 25 жыл толып отырған батыр музейiнiң қызметiмен таныстыру болып табылады.

14 қазан күнi жуырда ғана ашылған «Covorking center»-да «Ел жүрегiндегi Баубек батыр тұлғасы» атты мәдени-тағылымдық iс-шара өттi.

Iс-шараға Жақсы ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Р.А.Аканова, ауданның соғыс және еңбек ардагерлер кеңесiнiң төрағасы З.Нұржан, ауыл ақсақалы, қажы А.Ешiмов, Жақсы ауылының құрметтi азаматы К.Б.Мугалова, аудандық мәсилихат хатшысы Б.А.Жанадилов, сонымен қатар iшкi саясат бөлiмi, жастар саясаты бөлiмi, кiтапхана және мәдениет саласының қызметкерлерiмен қоса, мектеп директорлары қатысты.

Одан әрi экспедиция Торғай өңiрiнде өз жалғасын тапты. 15 және 16 қазан күндерi Қостанай облысы Амангелдi ауданындағы Амангелдi Иманов атындағы мемориалдық мұражайында және Жангелдин ауданындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалды педагогикалық мұражайында «Мәлiктiң ұраны болған халықтың қыраны» атты iс-шара өттi.

Iс-шараға екi ауданның да игi жақсылары қатысты. Атап айтсақ, Амангелдi ауданы Амангелдi мемориалдық музейiнiң қор сақтаушысы К.Ж.Абжанова, Амангелдi аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, еңбек ардагерi Д.Есiм, ауданның құрметтi азаматы, еңбек ардагерi Б.Уахитов, медицина саласының ардагерi, ақын, ауданның құрметтi азаматы Т.Құтжанова, ардагер ұстаздар Ж.Махатов, А.Төлегенов, О.Сейтқалиев, Қ.Ержанов, ал Жангелдин ауданындағы iс-шараға Торғай мұражайлар кешенiнiң басшысы Г.Қ.Сәрсекей, ардагерлер кеңесiнiң орынбасары, ауыл шаруашылық саласының ардагерi, ауданның құрметтi азаматы Т.Әбжамалов, Жангелдин ауданы iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Ж.Қ.Қошеметова, кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы С.Б.Дүйсенова, Арқалық дала өлкетану музейiнiң ғылыми қызметкерi, ақын Батырлан Жұмабайұлы қатысты.

Iс-шаралар аясында «Ел жүрегiндегi Баубек батыр тұлғасы» атты тақырыпта дәрiс оқылып, Мәлiк Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн «Ғажайып өмiр баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылды, сондай-ақ, Батырдың елге келген сапарынан түсiрiлген 1943 жылғы деректi фильм мен музей жұмысына шолу жасалған бейнефильмдер көрсетiлдi.

Сонымен қатар Торғай мұражайлар кешенiмен ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, одан бiрлесiп жұмыс жасау туралы уағдаласты.

Сапар барысында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батыры, қол мерген Кейкi батырдың, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiстiң басшысы, көз мерген Амангелдi Имановтың, ақын, жазушы, қоғам қайраткерi, алаш көсемi М.Дулатұлының кесенелерiн аралап, аруақтарына тағзым етiп, зиярат жасады.

 

13.10.2020

Қараулар: 908

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау