4 наурыз күні М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Тәуелсіздікпен түрленген құндылық» атты кездесу кеш өткізді.
Кештің мақсаты: Кеңес Одағының батыры,академик М.Ғабдуллиннің ҚР Орталық архивіндегі Қазақстан Жазушылар одағының қорынан (С.Мұқановтың жеке қорынан) алынып кітап болып басылып шыққан "Қазақ баласы"мен "Мен халықтың ұлымын"кітаптарын кітапхана қорына тапсыру және таныстырылымын өткізу.
М.Ғабдуллин музейінің бас қор сақтаушысы С.Құдайбергенқызы музейдің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырса, ғылыми қызметкер М.Жолаушина "Қазақ баласы"мен "Мен халықтың ұлымын"кітаптарына қысқаша шолу жасады.
Іс шараға батырдың қызы М.Мәлікқызы, Музейдің негізін қалаған Батырдың немере інісі Жанатай Бекеновтың қызы Л.Амиргожина, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.
Іс шара барысында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Анар Хамитқызы Юсупова музей мен кітапхана арасындағы көпжылдық әріптестік байланысқа тоқтала келе, музей қорына "Қазақстан Тарихының энциклопедиялық анықтамалығы" мен "ҚР Ұлттық кітапханасының тарихын"сыйға тартты.
Музей қызметі мен жұмысы туралы видео және музей қорынан алынған "Көштің көркі"мен "Баубек батыр"деректі фильмдері көрсетілді. Музей қызметкерлерінің Батырдың өмірі мен шығармашылығын насихаттаудағы жұмысына оң бағасын берген Қорлар толықтыру бөлімінің жетекшісі Қарлығаш Мұсақызы Изамбекова мен М.Ғабдуллин музейнің бас қор сақтаушысы Серікжан Құдайбергенқызы Жүзжанова "Қазақ баласы"кітабын сандық жүйеге көшіру бойынша келісімге қол қойды.
Іс шараның модераторы: Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Құрмет Қарабаев
04.03.2021
Қараулар: 1510