Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі» музейлік сабақ

2025 жыл Мәлік Ғабдуллин музейі үшін мерейлі жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы және Мәлік Ғабдуллин музейінің 30 жылдығы аталып өтіледі. Ал, 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толады.

  Мерейлі жылға орай 11 ақпан күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкерлері Алексеевка ауылының №2 орта мектебінде өткен ғасырдағы соғыс Батырларын еске алу мақсатында «Ерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі» атты музейлік сабақ өткізді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлес батырларымызды, Ауғанстандағы әскери қақтығыстарға қатысушыларды, Отан қорғаудағы борышын адал өтеген ұлдарымызды есте сақтау – өскелең ұрпақтың парызы деп білеміз.

Көшпелі көрмеде музей қорындағы соғыс ардагерлері туралы музей қызметкерлері жинаған материалдар, әр уақытта ардагерлер мен олардың туыстары музейге сыйға тартқан кітаптар ұсынылды. Сондай-ақ, көпшілік қауымға Ауған соғысының батырлары туралы бейнеролик көрсетілді.

11.02.2025

Қараулар: 157

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау