Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Мәлік Ғабдуллин музейі — ұлттық руханиятты насихаттаушы ғылыми — мәдени орта»

Мәлік Ғабдуллин — ерлігімен елге, еңбегімен ғылымға танылған тұлға.

6 мамыр күні Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Мәлік Ғабдуллин: педагог-ғалым, батыр, қоғам қайраткері» атты республикалық — тәжірибелік конференция өтті.

Университет ректоры Тілеп Болат Анапияұлының модераторлығымен өткен конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбдіғазиұлы, Ішкі істер органдарының Құрметті қызметкері, полиция полковнигі, Б.С. Рахимов, Л.Н. Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Н. Негимов қатысты.

Ғалымдар «Парасат тұғырындағы тұлға», «Мәлік Ғабдуллиннің батырлық рухы: ұлтжандылық және ерлік»,«Мәлік Ғабдуллин – педагог, ғалым, қайраткер, қаһарман» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Осы конференцияға Ақмола облысы Мәлік Ғабдуллин музейінен шақырылған аға ғылыми қызметкер Жанат Жаңбырбайқызы Қажыбай онлайн қатысып, «Мәлік Ғабдуллин музейі — ұлттық руханиятты насихаттаушы ғылыми — мәдени орта» тақырыбында баяндама жасады.

Кеңес Одағының батыры, академик, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин еңбегімен ел жадында, ұлағатты ұстаз болып шәкірт жадында қалған тарихи тұлға!

 

06.05.2025

Қараулар: 196

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау