Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мұзда жанған алау

Дүниені дүр сілкіндірген, кеңестік қызыл империяның бұғауын үзуге себепкер болған 1986 жылғы Желтоқсан азаттық қозғалысы қазақ халқының империялық озбырлыққа қарсы табанды күресінің занды жалғасы болып табылады.

Жасындай жалт еткен Желтоқсан көтерілісі уақыт қойнауына сіңіп, алыстап бара жатса да, әлі де болса жан-жақты сараланбағаны рас.

13 желтоқсан Мәлік Ғабдуллин музейінде Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған «Мұзда жанған алау» атты кездесу кеші өтті.

Іс-шарада ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан Желтоқсан көтерілісіне қатысып, көзімен көрген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті педагогика және психология кафедрасының оқытушылары М.М.Асаров, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, FhD – Ерболат Баятұлы салмағы ауыр жылдардың естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды кешке Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ пиедагогикалық колледжінің студенттері қатысты.

Мұндай іс-шаралар Азаттықтың ақ таңын жақындатқан Желтоқсан көтерілісін ұлықтап, құрбандарын еске алу және сол арқылы жас ұрпақтың бойындағы ұлттық рухты өсіру үшін де керек деп білеміз.

13.12.2022

Қараулар: 795

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау