Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллиннің Холм қаласын азат етудегі жасаған ерлігінің 80 жылдығына арналған Халықаралық еске алу және Алғыс айту онлайн сабағы

30 қаңтар күні Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллиннің Холм қаласын азат етудегі жасаған ерлігінің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры атағын беруіне 79 жыл толғанына орайХалықаралық еске алу және Алғыс айту онлайн сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Мәскеуді қорғау кезіндегі Мәлік Ғабдуллин мен қазақ жауынгерлерінің жасаған ерліктерін насихаттау, сондай – ақ «Родина подвига – Родине Героя» еске алу және алғыс айту эстафетасы аясында Холм, Старая Русса, Новгород-Зеренді қалаларына ғылыми-танымдық іс-сапар ұйымдастыру.

Онлайн сабағының ұйымдастырушысы: «Родина подвига – Родине Героя» Еске алу және Алғыс айту Халықаралық эстафетаның координаторы, Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының доценті Ужанов А.Е., модераторы Акмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» КММ бас кор сақтаушы Жузжанова С.К.

Іс-шараға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының басшысы, философия ғылымдарының кандидаты Шуматов Э.Ғ., медицина ғылымдарының кандидаты, «IVVOVA» Медициналық орталығының, Алматы қаласындағы "Central Azia Medikal Industries" ЖШС бас дәрігері, ҚР қоғам қайраткері, ҚР журналистер одағының мүшесі Хабиева Т.Х., М.Ғабдуллиннің туысы Бекенова Л., медицина ғылымдарының магистрі, "ASTANA VISION SHYMKENT" клиникасының директоры, 1942 жылы Холм қ. шайқастарында қаза тапқан Қызыл әскер жауынгері Нұржан Медеттің немересі Медет А.А., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ахметова Л.С., ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының қызметкері Баринов М.В., 33-атқыштар Холмск-Берлин Қызыл Тулы, ІІ дәрежелі Суворов ордені дивизиясының әскери даңқ мектеп мұражайының басшысы, Самара облысының ЮНАРМИЯ ББЖ ӘПҚҚ өңірлік штабы басшысының орынбасары Гальчук В.Г., Холм ауданы Тарих мұражайының әдіскері, Холм қ. «Пирамида» іздестіру жасағы командирінің орынбасары Брынева Е.А., И.В.Панфилов атындағы Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының басшысы, И.В.Панфиловтың жиені Байкадамова А.Б. қатысты.

Іс-шара барысында музейдің ғылыми қызметкері А.К. Амиржанова жоғары кәсіби деңгейде Мәлік Ғабдуллин музейінің «Ұлттың ұлы, халықтың қаһарманы» соғыс залы бойынша онлайн-экскурсия өткізді, өткізілген экскурсия әр қатысушының көңілінен шығып, жылы әсер қалдырды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін конференцияда оқылған баяндамалар жинағын жариялау, сондай-ақ қорытынды бойынша резолюция әзірлеу туралы шешім қабылданды.

30.01.2022

Қараулар: 1311

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау