16 ақпан күні Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне қарасты Жамбыл Жабаев орталығының мұрындық болуымен осы факультеттің оқытушы-студенттерінің алдында Мұхтар Әуезов дәрісханасында "Мәлік Ғабдуллин - әдебиеттанушы ғалым" тақырыбы және Бауыржан Момышұлының "Соғыс психологиясы" кітабы бойынша музейдің ғылыми қызметкерлері Ерболат Баят пен Эльмира Ержанова танымдық дәріс сабақтарын өткізді.
Танымдық дәріске филология факультетінің кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Кеш барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, өнерлі жастардың әсем әндері шалқыды. Кездесу соңында музей күшімен түсірілген "Қансонар" деректі фильмі көрсетіліп, Мәлік батырдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін "Ғажайып өмір баспалдақтары" атты жылжымалы көрмесі таныстырылды.
Бұл Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырған "Мәліктің рухы халықпен" экспедициясының қорытындысы болды.
16.02.2023
Қараулар: 690