Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Жырға айналған – Батыр» атты дәріс

Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күніне орай 27 қаңтар күні музей қызметкерлері «Арна» Көкшетау Жоғары колледжінің студенттеріне «Жырға айналған – Батыр» атты тақырыпта дәріс оқыды.

         Іс-шара барысында 1943 жылы Мәлік Ғабдуллиннің қысқа мерзімді демалысқа елге келгені жайлы түсірілген деректі фильм көрсетілді. Студенттер Мәлік Ғабдуллиннің сұрапыл соғыстағы ерен ерлігін өздерінің білгендерінше баяндады.

         Іс-шара соңында Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы студенттерге Мәлік Ғабдуллиннің адами қасиеттерін, ел сүйгіштігін өз бойларына үлгі етуді мақсат ету керектігін айтып сөзін түйіндеді.

27.01.2022

Қараулар: 1024

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау