5 ақпан күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Рабиға Макашева Көкшетау қаласындағы С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларына «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Мәлік Ғабдулиннің саяси жетекшілік қызметі» атты дәріс оқыды.
Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыста қаламымен қаруын қатар ұстаған қазақтың батыр ұлы Мәлік Ғабдуллиннің ерлік істерін қазіргі жас ұрпаққа үлгі ету, батырдың өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімін ұялату.
Дәріс барысында «Ғажайып өмір баспалдақтары» жылжымалы көрмесі таныстырылып, 1943 жылы түсірілген бейнефильм ұсынылды. Оқушылар дәрісті зор қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды.
06.02.2025
Қараулар: 522