Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Мәлік Ғабдуллиннің қоғамдық қызметі (дәріс)

23 ақпан Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Аққу Есжанова №6 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Мәлік Ғабдуллиннің қоғамдық қызметі» атты дәріс оқыды.

Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыста қаламымен қаруын қатар ұстаған қазақтың батыр ұлы Мәлік Ғабдуллиннің ерлік істерін қазіргі жас ұрпаққа үлгі ету, Батырдың өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімін ұялату.

Дәріс барысында «Ғажайып өмір баспалдақтары» жылжымалы көрмесі таныстырылып, 1943 жылы түсірілген бейнефильм ұсынылды. Оқушылар дәрісті зор қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды.

 

23.02.2024

Қараулар: 564

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау