Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі уақытта әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.
13 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің қызмектері Меңлібай Ерсұлтан Ережепұлы «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасы» тақырыбында музей қызметкерлеріне баяндама оқыды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, жемқорлыққа қарсы заңнама, заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білу тақырыбында пікір алмасты.
13.07.2022
Қараулар: 1419