23 қазан күні қалалық қазақ кітапханасында Республика күніне және Көкшетау қаласының күніне арналған «Көрікті Көкшем менің» атты жас суретшілер байқауының ақтық кезеңі өтті.Іс-шараның мақсаты: Сурет өнері арқылы қазіргі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге атсалысу, Республика күнінің және қала күнінің мерекеленуіне үлес қосу болып табылады. Екі кезеңнен тұрған байқауға қала мектептерінен барлығы 18 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші кезеңнен өткен 10 оқушы екінші кезеңде бақ сынады. Арнайы тағайындалған қазылар алқасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын сарапқа салып, үздіктерін іріктеп алды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды №12 орта мектеп оқушысы Кожахметова Камила, жүлделі II орынды Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектептің оқушысы Сәтбек Адина, III орынды №19 орта мектеп оқушысы Ислям Маржан жеңіп алды. Сондай-ақ, «Ұшқыр қиялы үшін» номинациясымен №16 орта мектеп оқушысы Сабирова Мадина, «Сюжеттік композиция» номинациясымен №21 орта мектеп оқушысы Аппасова Аиша, «Сурет салу техникасы» №21 орта мектеп оқушысы Казбекова Малика марапатталды. Жүлдегер атанған жас суретшілерге ұйымдастырушы тарап Мәлік Ғабдуллин музейі мен Қалалық білім бөлімінің атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
23.10.2024
Қараулар: 457