Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» жас суретшілер байқауы

23 қазан күні қалалық қазақ кітапханасында Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай қала мектептері оқушыларының арасында «Қазақстан балалар көзімен» атты жас суретшілер байқауының ақтық кезеңі өтті.

Іс-шараның мақсаты: Сурет өнері арқылы қазіргі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге атсалысу; Сурет салуға бейімі бар балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бәсекелестіру арқылы шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Арнайы тағайындалған қазылар алқасы 14 оқушының шығармашылық жұмысын сарапқа салып, үздіктерін іріктеп алды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды №12 орта мектеп оқушысы Лопатина Ангелина, II орынды №6 орта мектеп оқушысы Орынбай Алтынай, III орынды №17 орта мектеп оқушысы Искендирова Даяна жеңіп алды.

Сондай-ақ, «Ұшқыр қиялы үшін» номинациясымен №16 орта мектеп оқушысы Тортай Меруерт, «Сюжеттік композиция» номинациясымен №5 «Таңдау» мектеп гимназиясынан Власенко Мария, «Сурет салу техникасы» номинациясымен Красный Яр №3 орта мектеп оқушысы Исабекова Аружан марапатталды.

Жүлдегер атанған жас суретшілерге ұйымдастырушы тараптың атынан дипломдармен мен арнайы сыйлықтар табысталды.

23.10.2023

Қараулар: 690

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау