Қазақстан Республикасы үкіметінің 2023 жылдың 31 мамырдағы Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы 426 қаулысына сәйкес маусым айының он екісі – әкелер күні ретінде аталып өтіледі.
10 маусым күні Мәлік Ғабдуллин музейінде әкелер күніне орай дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазіргі замандағы бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін ілгерілету ақын, ұстаз, әдебиеттанушы - ғалым Ерболат Баятұлымен сұхбат өтті. Сұқбатты әдебиеттанушы - ғалым Аян Қажыбай жүргізді.
Тағылымды сұқбат барысында Ерболат Баятұлы ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы ой-пікірлерін айтып, өз әкесі Баят Жанатұлы туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
10.06.2024
Қараулар: 1999