Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен қалалық ашық турнир

2022 жылдың 3 мамыры күні Мәлік Ғабдуллин музейі мен Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Қайрат» қазақ күрес залында «7 мамыр Отан қорғаушылар күніне» арналған Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен қалалық ашық турнир өтті.

Турнирдің мақсаты:Мәлік Ғабдуллин тұлғасы арқылы өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне баулу мен ұлттық спорт түрі – қазақ күресін дамыту және оқушыларды достыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сандықтау, Бұланды, Зеренді, Ақкөл аудандары мен Көкшетау қаласының жас балуандары 11 салмақ бойынша бақ сынады.

Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Жанат Жаңбырбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, жас балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс соңында топ жарған белді де білекті балуандар диплом, медаль және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

По окончании соревнований победители были награждены дипломами, медалями и поощрительными призами.

03.05.2022

Қараулар: 944

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау