Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Бейбіт күннің батырлары

16 маусым күні Мәлік Ғабдуллин музейі мен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының ұйымдастыруымен бейбіт заман қаһармандарының ерлігін насихаттауға арналған «Бейбіт күннің батырлары» атты көрменің ашылуы өтті.

Азаматтық қорғаныс мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері соғыстан кейінгі қалаларды қалпына келтіру, су тасқыны, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу міндеттерін атқарады.

Міне, осындай зейнетінен бейнеті көп мамандықтың қыр-сырын меңгертіп, нағыз офицерлерді тәрбиелеп шығаратын оқу орындарының бірі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы.

Көрменің мақсаты төтенше жағдай кезінде қиындығы мен қауіптілігі қатар жүретін сала мамандарының, елі мен жерінің амандығы үшін жасаған өлшеусіз ерлікке толы еңбектерін насихаттау болып табылады.

Көрменің ашылу салтанатына Ақмола облысы мәдениет, архив және құжаттамалар басқармасының, Мәлік Ғабдуллин атындағы «Азаматтық қорғау академиясы», Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің өкілдері, қала тұрғындары, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

16.06.2021

Қараулар: 2092

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау