14 ақпан музей қызметкерлері «Мәліктің рухы халықпен» атты танымдық-тағылымдық экспедициясы аясында Қаныш Сәтбаев музейінің экспозициялық залдарымен танысып, өзара тәжірибе алмасып қайтты.
Бізді музей директоры Тұяқбаев Өмір мен бөлім бастығы Бахытжамал Айтмұхамбетова ерекше ықыласпен қарсы алды.
Бұл экспедицияның екінші күні. Кездесу барысында қос музей рухани-мәдени шығармашылықты нығайту мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойып, болашақта бірлесіп жұмыстар атқару туралы келісімге келді.
14.02.2023
Қараулар: 972