18 мамыр – тарихи-мәдени мұралардың ошағы саналатын музей күні. Музейлер күніне орай 2022 жылдың 19 мамыры күні Мәлік Ғабдуллин музейінде түнгі 22:00-ге дейін «Ашық есіккүні» өтті.
Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына, ерлік жолына қызыққан қала тұрғындары музей экспозициясын тамашалауға лек-легімен толарсыз келді. Оларды музей қызметкерлері жылы жүзбен қарсы алып, шын ықыластарымен экскурссия жүргізді. Музейге келушілер де көп мәлімет алғандарына қуанып, музей ұжымына алғыстарын айтты.
18.05.2022
Қараулар: 1214