28 қаңтар күні даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілгеніне 79 жыл толуына орай іс-шаралар легі Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, Красный Яр №3 мектеп-гимназиясы жанынан құрылған М.Ғабдуллин атындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсіміне арналған «Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы» атты іс-шараға ұласты.
Мақсаты: Мәлік Ғабдуллин атындағы «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабылдау арқылы М.Ғабдуллиннің болашақ ізбасарларын, бүгінгі күннің батырларын тәрбиелеуге атсалысу; оқушыларға Мәлік батырдың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу және оларды өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Жас ұландықтар салтанатты түрде ант қабылдаған соң, оларға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бастығы Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов «Жас ұлан» куәлігін табыстады. Ақын, М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Құдайберлі Рахымбекұлы Мырзабек және Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы сөз сөйлеп, жас сарбаздарға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
28.01.2022
Қараулар: 1606