Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін тым қымбат. Соғыс басталған күннен бастап небір ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қазақ жауынгерлерінің қаһармандығы дәл осы күні мойындалғандай еді. Содан да М.Ғабдуллин «Бұл маған ғана емес, қазақ халқына берілген атақ» деп айтқан болар...

Айтулы күнге орай Мәлік Ғабдуллин музейінде «Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы» атты кеші өтті. Кеш барысында Красный Яр №3 мектеп-гимназиясының жанынан құрылған М.Ғабдуллин атындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубы жаңа мүшелермен толығып, салтанатты түрде ант берді.

Іс-шара Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сабитова мен Красный Яр №3 мектеп-гимназиясының директоры Гүлзат Бақтыбаеваның беташар сөзімен басталды.

Жас ұландықтарға мүшелік билеттерді Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Дуанбай Ыбраев пен Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова табыстады.

Оқтай тізіліп тұрған жас ұландардың жауапкершілікке толы қадамдарына Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев сәт-сапар тілеп, батасын берді.

Тағылымды кеш Красный Яр №3 мектеп-гимназиясының шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

30.01.2024

Қараулар: 624

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау