Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған күннен бастап небір ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қазақ жауынгерлерінің қаһармандығы дәл осы күні мойындалғандай еді. Содан да М.Ғабдуллин «Бұл маған ғана емес, қазақ халқына берілген атақ» деп айтқан болар...

Айтулы күнге орай Мәлік Ғабдуллин музейі жылдағы дәстүрден жаңылмай №3 Красный Яр көпсалалы мектеп-гимназиясында Мәлік Ғабдуллиннің батыр атағын алған күніне орай «Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы» атты кеш өткізді. Кеште жиырма бес жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан М.Ғабдуллин атындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубы жаңа мүшелермен толықтырылды.

Іс-шара жазушы, драматург, қоғам қайраткері, музей жанашыры Жабал Ерғалиевтің, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабектің және Красный Яр ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Макиштың беташар сөзімен басталды.

«Жас ұлан» әскери-патриотық клубына қабылданған жас ұландар салтанатты түрде ант беріп, оларға мүшелік билеттерді М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының профессоры, ф.ғ.к., Сандуғаш Қасымова мен Красный Яр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенбек Абишев табыстады.

Оқтай тізіліп тұрған жас ұландардың ең алғашқы жауапкершілікке толы қадамдарына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төкен Ілияс сәт-сапар тілеп, батасын берді.

Тағылымды кеш Красный Яр №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Біз кешегі мен бүгінгінің һас батырларын болашақ жас өрендерге үлгі ете отырып, Мәлік батырдың лайықты ізбасарларын тәрбиелеуді ең басты міндетіміз деп білеміз.

30.01.2023

Қараулар: 751

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау