Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Батырлар – ұрпақ есінде»

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ер есімі – ел есінде» атты жалпы республикалық акция аясында «Батырлар – ұрпақ есінде» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатында генерал-лейтенант,тарих ғылымдарының докторы Абай Тасболатов пен «Бауыржантану» ғылыми-орталығының директоры, Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл сөз сөйледі.

Көрме Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Іс-шараның мақсаты: музей заттарының негізінде Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан үлесін дәріптеу,сондай-ақ өскелең ұрпақты батырларымыздың батылдығы мен ерліктерінің мысалында патриоттық тұрғыда тәрбиелеу болып табылады.

Көрмеге Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлік жолынан сыр шертетін барлығы 30-ға жуық жәдігер қойылды.

Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ер есімі - ел есінде” республикалық акция ҚР Ұлттық музейінде өз бастауын алды.

Қазақ батырларының есімдері ұлықталатын игілікті көрме 2025 жылдың 31-ші наурызына дейін жұмыс істейді.

Алғашқы күні көрмені 400 ге жуық көрермен тамашалады.

26.02.2025

Қараулар: 157

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау