Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Батамен ел көгереді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, Наурыз мейрамы тұжырымдамасы аясында Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Батамен ел көгереді» атты облыстық батагөйлер байқауы өтті. Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Шешендік әңгіме айту», «Бата беру» сындарынан тұрды.

         Байқау ережесі Ақмола облысына қарасты қалалар мен аудандарға алдын ала жіберіліп, нәтижесінде бір қала мен сегіз ауданнан 19 үміткер қатысуға өтінім берді. Ережеге сәйкес әр қатысушының үш сын бойынша түсірілген бейнероликтері ұйымдастырушы тарапынан қабылданып, тіркеуге алынды.

Батагөйлер байқауына қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Красный Яр селолық округінің имамы Науан Мұталов, Ақмола облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Қойшин, Мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Қаратай Төлекеев және «Ел бірлігі» ҚБ төрағасы Бақыт Смағұл қазылық етті. Байқауға төрелік еткен алқа мүшелері үміткерлердің үш сын бойынша тіл шешендігіне және бұрынғы аңыз әңгімелерді айту шеберлігіне баса назар аударды.

15 наурыз күні қатысушы үміткерлердің алдын ала келіп түскен бейнероликтері жоғарыда аталған қазылар алқасының қаралымына ұсынылып, байқау қорытындысы шығарылды. Бүгін 19 наурыз күні Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың қатысуымен облыстық батагөйлер байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Жүлделі үшінші орынды Целиноград ауданынан Мекебай Кәкенұлы еншілесе, екінші орын Сандықтау ауданынан келген Меңдібай Копобаевқа бұйырды. Ал бірінші орынға Ақкөл ауданының үміткері Құмаш Серік лайық деп шешім қабылданып, «Ұлыс Батагөйі» атағына ие болды. Және Қорғалжын ауданының үміткері Серікбаев Сайлаубекке ынталандыру сыйлығы берілді. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталып, «Ұлыс батагөйі» атанған Құмаш Серікке Ақмола жұртшылығының атынан ат мінгізілді.

Батагөйлер байқауына қатысушы үміткерлерді дайындап, қолдау білдірген аудандық мәдениет бөлімдерінің қызметкерлеріне әріптестік алғысымызды білдіреміз.

19.03.2021

Қараулар: 1725

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау